Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Химия, биология, физика әлемінің қызықтары

Химия, биология, физика әлемінің қызықтары


Қаңтар айының 22-26 аралығында Қызылорда қаласындағы xимия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия,биология және физика апталығы өткізілуде.
Апталық аясында оқушылар түрлі іс-шараларға,викториналарға, интеллектуалды сайыстарға қатысу арқылы өздерінің жаратылыстану бағытындағы пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып,нақты ғылымдарды оқып-үйренудегі белсенділіктерін дамыта алды. Мәселен, Life Hacks -" Өмірді жеңілдететін заттар жасау"тәжірибе алаңында 8-11 сынып оқушылары биолоия,xимия және физика пәндері бойынша әртүрлі тақырыптағы тәжірибелік жұмыстар жасады. Фотосинтез, диффузия, жүйке жүйесіне сынақтар жүргізе отырып, "алтын жаңбыр", "бағдаршам", "көрінбейтін жазу", "глюканаттан жылан шығару" секілді қызықты эксперименттермен көпшілікті тәнті етті. Тәжірибеде крахмалды суға араластыру арқылы Ньютон заңдарының орындалуын қарастырды, электростатика ұшқын зарядтың пайда болуын практика жүзінде нақты көрсете білді. Апталықта оқушылар өздерінің пән бойынша алған білімдерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәжірибеде көрсете алды.
24 қаңтар 2018 ж. 1 983 0