Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ


Жыл сайын қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен арнайы профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда. Соның нәтижесінде, бүгінде қоғамдағы өршіп бара жатқан жол-көлік қылмыстарының алдын алуға мүмкіндік болып отыр. Осыған орай,  ағымдағы жылы 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №5-5-4-122/94-И нұсқауына сәйкес, жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мен қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөліністерімен, АІІБ-нің ЖТИБ-мен, қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Апта басында басталған профилактикалық іс-шара барысында аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ елді мекен жолдарында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен такси жүргізушілерінің жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, жол апаттарын болдырмауға бақылауды күшейту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар аталған жолдарда жүйткіп жүрген автобус, газель, таксилердің жылдамдықты асырмауына, қоғамдық тәртіпті бұзбауына себеп болуда. Өйткені, қазіргі қыс мезгілінде жол тайғақ болады. Ал ондай кезде жылдамдықты асыру жолаушылардың зардап шегуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан келер айдың 18-не дейін жалғасатын «Автобус» профилактикалық шарасында қоғамдық көліктердің жол қозғалысы ережесін қатаң сақталуы назарда болады. Бұл жұмыстар жыл бойы атқарыла береді.
Е.БЕРКІНБАЕВ   
24 қаңтар 2018 ж. 2 062 0