Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

«Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді


Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыс көлемінде «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында прекурсорларды лицензиясыз жеткізу арналарын, бақылаудағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсу деректерін анықтау бойынша нақты іс-шара жоспары әзірленді.
Облыс аумағында орналасқан 5 дәріхана, 8 емдеу орны және 8 өндірістік кәсіпорын тексерілді.  Атқарылған шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың 4 дерегі, ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың 2 дерегі анықталды.
Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау бағытында ОІІД-і Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Криминалдық полиция басқармалары, Жергілікті полиция қызметі және Кинологиялық қызметі орталығы қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтармен Батыс Еуропа - Батыс Қытай және «Қызылорда-Жезқазған» тас жолдарында тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта іс-шара барысында анықталған есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
13 желтоқсан 2017 ж. 1 879 0