САҚ БОЛАЙЫҚ!
Пиротехника – адам өміріне қауіп туғызатын зат. Алайда соңғы кезде пиротехникасыз мерекелік шаралар өтпейтін болды. Әсіресе, жаңа жыл кешінде кез-келген отбасы пиротехниканың сан алуан түрін қолданып, өздеріне мерекелік көңіл күй сыйлайды. Пиротехника қауіпті болғандықтан, оны қолдану техникасын білген жөн. Жас балалардың қолына ересектердің қадағалауынсыз мүлдем беруге болмайды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы №5-3-69/1850-И санды нұсқауына сәйкес көпшілік орындарда, жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 19 желтоқсанынан 2018 жылдың 3 қаңтар аралығында Республика көлемінде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатып алу, сақтау, есепке алу, қолдану, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын, сертификатталған өнімді көтерме жеткізушілерді анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатудың алдын алу. Осы мақсатта аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен дүкендер мен сауда-саттық және қоғамдық орындарға рейдтік іс-шаралары жүргізіледі. Рейд барысында заңсыздықтар орын алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 196, 415, 436, 483 баптары бойынша әкімгершілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі.
Бір мезеттік қөңіл-күй үшін өзіңнің, балаларыңыздың өміріне қауіп төндірмей, сақтық шараларын күшейту қажет.
А.БЕКСЕЙІТОВ,
Сырдария АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің Қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау инспекторы,
полиция майоры