Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА


«
Сырдария ауданында жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларға сапалы білім саналы тәрбие беру бағындағы жұмыстар жақсы жолға қойылған. Жастар саясатының басым бағыттары ауданда жүйелі жүзеге асуда»,-деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

Былтырғы жылы «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастаған. Есепті кезеңде аудан жастары арасында түрлі бағыттағы 162 іс-шара өткізіліп, 4426 жас қатысқан. Сонымен бірге, аудан жастары облыстық жарыстарға, семинарларға, білім бәсекелеріне қатысып, жүлделі орындармен марапатталған. Ауданның атқарушы билік өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта да жастардың білім алуына, спортпен шұғылдануына, өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдайлар жасала бермек. Аталған жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуға ынталы. Бұл бірлігі бекем, тірлігі тындырымды ауданның берекелі істерге бейім екенін білдіреді.
24 қаңтар 2018 ж. 2 050 0