ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
Тырмасы мен күрегін арқалаған ол әкесімен бірге ілесе шыққан болатын. Аптаның сенбісі. Көпшілік демалатын уақыт. Қыстың беті қайтып, көктемге аяқ басқан тұс. Баланың ойында тек ойын ғана емес, әкесіне барынша қолғабыс ету. Көше бойында өзі секілді балалар да арық тазалауға шыққан. Аязды күні қар астында жатып қалған күлқоқыстан арылту қоршаған ортаға қамқорлық жасау болып табылады. Мықшындап тырмасын сүйрей жөнелген бала әкесімен әңгіме дүкен құрып келеді.
– Мектепте жүргенде ұстаздарымыз қоршаған ортаны ластамау адами қасиеттің бір бөлшегі деп тәрбиелейді. Өзіміз тұратын тұрғылықты жерімізді таза ұстау түптеп келгенде денсаулығымызға да тікелей әсері бар екен. Сабақтан қайтып келе жатқанымызда қора жанында үйілген күл-қоқысты, жел болған күндері аспанда қалықтап ұшқан полиэтилен қалдықтарын көріп жүрміз. Кейде бір кісілер болады, қоғамдық орын мен көше маңына ауласынан шыққан қоқысты әкеліп тастап жатады. Ішім удай ашып, сабақта апайдың айтқандарын есіме аламын. Сонда адамдар табиғат анаға құрметпен қарауға, қамқорлық жасауға қауқарсыз күйде ме деп қоямын. Өзі тұратын мекенді таза ұстауға құлықсыз адамның әрекетін қалай бағалауға болады?
Біз секілді сенбілікке шыққан басқа көше тұрғындарын көрмейміз. Бұл әділетсіздік емес пе әке? Сәл ойланып әкесі:
– Балам адамның басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі саналы түрде әрекет етуі. Барлық жағдайда қоғамның қарама-қайшылық тұстарына қарамастан біздер шынайылықты қалаймыз. Бірақ, жасаған ісіміз басқаша. Адам бойындағы ыждағаттылық пен ұқыптылықты, қамқорлық пен жанашырлықты естен шығарған мезетте өз ісіне жауап бере алмайды. Әйтпесе, сол көше тұрғындары қоғамдық орын мен белгіленбеген жерге қоқыс төгуге болмайтындығын біледі. Арнайы заң шеңберінде шара қолданатындығын да сезеді. Дегенмен, жыл сайын қайталанатын үрдісінен айнымай айналасын ластайды. Көктемгі екі айлық сенбілік басталған уақытта барлық меншік түріне қарамастан мекеме қызметкелері тазалыққа шығады. Көше тұрғындары ретінде солардың еңбектерін бағалап, қолғабыс ету тұрғын ретінде шындығында борышымыз. Ата-бабадан келе жатқан дәстүріміз тал егуді қолға алу әкенің ұрпағына қалдырған мәңгілік мұрасы. Расында көктем айы басталып, көркейтукөгалдандыру жұмысы қарқын ала бастаған. Әр аптаның сенбісінде жаппай сенбілік жасау дәстүрге айналған. Аяқ су жүретін арықтардың ішін тазалау, көшені күл-қоқыстан арылту үздіксіз жүре біретін процесс. Байқағанымыздай сенбілік жұмысы барынша тыңғылықты жалғасын табуда. Дегенмен, кейбір көше тұрғындары жаппай сенбілікті көре тұра ауласын тазартуға шықпайды. Одан қалды көп қабатты тұрғын үй айналасындағы белгіленген қоқыс төгетін жерден бөлек басқа да аумағы ластанып жатады. Сенбілік жалғыз адамның немесе ұжым шеңберінде жасалатын жұмыс емес, көпшілікпен бітетін, айтарлықтай қозғалысты қажет ететін, еңбекті сүйетін тазалық күні. Айлық барысында білгіленген көшені тазартып кеткен жағдайда келесі аптада сол қоқысқа толы көшедегі көрініске қайта ұшырасып жатамыз. Бұл дегеніміз жергілікті халықтың жасалған еңбек пен жұмсалған күшке немқұрайлылық танытуы деп білеміз.
Әр аптаның сәрсенбісінде кент әкімдігімен бірлескен түрде жұмыс тобы белсенді рейдке шығуда. Орталық көше бойымен жұмысқа барғанымызда кәдімгідей тазалықты қатаң ұстана ма деп ойлайсыз. Түптеп келгенде рейд барысында аралағанымыздай тазалық сақтамаған тұрғындардың барын аңғардық. Үш апта бойы рейдтің қорытындысы бойынша біршама тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, белгіленген уақытта қоқысты шығару тапсырылды. Шет аймақта орналасқан көше бойында күл аз емес екенін байқадық. Жалпы аудан әкімдігі тарапынан тазалық жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Тұрғындарға ескертеді. Сонда да құлақ аспайтын азаматтардың болуы қынжылтады. Арнайы бағыт бойынша рейд жұмысын жүргізе бастағанымызда кент сыртындағы қоқыс алаңына емес, көше қиылыстарына, үй жанына, есік алдына, көлік жүретін аумақта қоқыс төгілетінін байқадық. Барлық тұрғынның айтатыны: «Екіүш күнде тазартамыз, көлік күтіп отырмыз, бір мүмкіндік беріңіз» секілді қаптаған жауаптар. Ендігі жерде осыған дейін тазартылмаған күлқоқыстың жан қысылғанда, айыппұл салынар тұста тазартылуы құптарлық жағдай емес.
Осы ретте айтпағамыз, көктем айларында рейд жұмысы әлі де жалғасын табады. Кент көшелерінің тазалығын басты қадағалауға алған учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы, кент әкімдігінің маманы рейд жұмысына жауапты екенін айта кеткеніміз жөн.
Б.ОРДАБЕКОВ