Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰЛАҚ КӨРСЕҢ – КӨЗІҢ АШ

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ – КӨЗІҢ АШ

Қай кезде де өмірге құштарлығы зор кез келген жанның алар орны ерекше. Бір-бірінен қалыспайтын олардың белсенділігі басқаларға қарағанда жоғары тұрады. Ішкі түйсік пен сезімді ұштастыра алған жағдайда оқ бойы озық тұруға құлшыныс артады. Бала күнінен кедергісіз келешекті аңсайтын жандардың бойындағы қабілетін жарыққа шығару мақсатында жан-жақты ізденіс те қажет.
Сахна сыртында жүректері дүрсіл қаққан бүлдіршіннің көкейінде үлкен жетістікке жетіп, белгілі дәрежедегі белесті бағындыру. Жыл сайын бірге бас қосатын өнерпаздардың шығармашылығы кәсіби тұрғыдан жетілмегенімен шынайылығы көзге түседі. Кейбірі ән әлеміне сапар шексе, енді бірі қолөнер шеберлері, қылқалам үздіктері, би өнерінің нағыз майталманы атанғысы келеді. Бұлардың көздеген мақсатына жету жолында әлі еңбек етуді, ізденуді қажет деп ұққан жетекшілері шәкірттерінің бойынан сәулелі ұшқынды аңғарады. Сол себепті өзара бақ сынау арқылы, шын жүйрікті анықтауды парыз санайды.
Осы орайда аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің аудандық кезеңі өткізілді.
Шара барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Елікбаев сөз алып, қашанда ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың өнерге деген талпынысын арттыруда аталмыш фестивальдің ерекшелігіне тоқталды. “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов психологиялық-педагогикалық түзету кабине­тінің директоры Е.Аппазаевқа Алғыс хат тапсырды. Бұдан ке­йін кезекпен өнер көрсеткен жас бүлдіршіндердің өнерін әділ қазылар бағалады. Мүмкін­дігі шектеулі балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары өз өнерлерін орта­ға салды. Сонымен қатар қыл­қалам шеберлерінің туын­ды­­­­­­лары жиналғандарға ай­­­рық­ша әсер қалдырды. Қол­­­­өнер шеберлері сан түрлі бұйымдары көпшілікке ұсынды. Түрлі жанрда ән шырқап, би билеген жас өрендер көрермен қошеметіне бөленді.
Фестивль қорытындасында жекелеген аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталып, облыс­­­­­тық кезеңге жолдама берілді. Демеушілер тарапынан арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ

05 сәуір 2019 ж. 1 205 0