Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда туристік полиция құрылады

Қазақстанда туристік полиция құрылады

- Қазақстанда туристік полиция құрылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына берген жауабында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мəлім етті.

Жақында берген сұхбатында Ерлан Қожағапанов Қытай, Үндістан елінің туристері Қазақстанға сұлулық байқауларын тамашалауға келетінін мәлім еткен болатын. Бұл əңгіменің əлеуметтік желіде біршама талқыланғаны белгілі.

«Сұлулық байқауы, ұлттық спорт турнирі, гастрономиялық фестиваль немесе музыкалық іс-шара болсын, сауатты ұйымдастыру және дұрыс маркетинг болса, сырттан келетін және өз еліміздегі көптеген туристерді тартуға қабілетті. Сондықтан, «Мисс Қазақстан» - әдемі және қонақжай адамдар тұратын ел ретінде Қазақстанды ілгерілетудің бір тәсілі», - дейді вице-министр.

Ерлан Қожағапанов өз сөзінде әлеуметтік желідегі осы тақырыптағы түрлі ойлардан хабардар екенін білдірді. «Егер теріс оймен ақпарат іздесеңіз, оны барлық жағдайдан табуға болады. Мұндай стереотиптерден арылу керек. Егер жалпы келіп жатқан туристердің арасында теріс пиғылды турист болса, бұл бүкіл сол өңір үшін шекараны жабу керек деген сөз емес. Мұндай жағдайлардың алдын алып, еліміздің ондай имиджбен танылуына жол бермеу керек.

Туристік саланы дамытуға жауап беретін ведомство атынан ресми мәлімдеймін: біздің елімізді өзінің арсыз пиғылын іске асыруға пайдалануды көздеген кез келген азамат қатаң қудаланады және ондай теріс пиғылды адамдар заң бойынша жазаланып, елден қуылатынын еске салғым келеді», - дейді ол.

Вице-министрдің сөзінше, бұл жұмыспен Ішкі істер министрлігі мен жаңадан құрылатын туристік полиция айналысады.

01 сәуір 2019 ж. 924 0