Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Г.ГОЛОВКИНГЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Г.ГОЛОВКИНГЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге туған жеріне сіңірген еңбегі үшін «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Геннадий Головкинге салтанатты түрде «Қарағанды облысының құрметті азаматы» куәлігі мен белгісі табысталды.
Аталмыш атақты беру туралы шешім желтоқсан айында облыстық мәслихат сессиясында қабылданған болатын.
Салтанатты шара Н.Әбдіров атындағы спорт комбинатында өтті. «Қарағанды облысының құрметті азаматы» куәлігі мен белгісін Геннадий Головкинге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыстады.
Танымал боксшыны жаттықтырушылар, шенеуніктер мен депутаттар құттықтады.
- Облыстың құрметті азаматы атағы еліне сіңірген еңбегі үшін беріледі, бұл жерлестеріңнің саған деген құрметі, ықыласы мен махаббаты, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. Геннадий Головкин бұл атақтың өзі үшін үлкен абырой екенін айтты.
- Мен бірінші кезекте сіздер сияқты Қазақстан Республикасының азаматымын. Алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спортты қолдап, дамытып жатқаны үшін алғысымды айтқым келеді. Және де құрметті депуттаттар, сіздерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы үшін алғысымды білдіремін, - деді ол.«Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы азаматтарға ерекше еңбек сіңіргені, өңір мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.
Геннадий Головкин – жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіби боксшы, ол орта салмақта жұдырықтасады. 2004 жылы өткен Олимпиада ойындарының вице-чемпионы, WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
2017 жылы «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы – армия генералы Мұхтар Алтынбаевқа, боксшы Геннадий Головкинге және Ұлы Отан соғысына қатысушы, Даңқ орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековке берілді.
16 қаңтар 2018 ж. 1 935 0