Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда биыл ең кемі 45 телехикая түсіріледі

Қазақстанда биыл ең кемі 45 телехикая түсіріледі


2018 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі кемі 45 телехикая түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

«2018 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі кемі 45 телехикая түсіруді жоспарлап отыр. Бұл телеөнімдер қытайлық телевизиялық нарыққа да қызықты болмақ», - деді ол Бейжіңде өткен Қытайдың 26-шы телерадиотарату желілерінің контенті көрмесі аясындағы «Бір белдеу, бір жол» телерадиотарату технологиясы мен ғылымының дамуы» атты форум барысында. 

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында министрдің орынбасары қазақстандық сериалдарды шетел нарығына шығару мәселесі жөнінде де пікір білдірді. «2017 жылы Қазақстанның ұлттық арналары тарихында алғаш рет телехикая өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне (Малайзия мен Индонезия), Ресейге (Башқұртстан және Татарстан), Қырғызстан, Өзбекстан және Монғолия елдеріне шығара бастадық. Осылайша телевизия тарихында алғаш рет телехикая өнімдерін сату арқылы табыс таптық. Ал Қытай нарығына келетін болсақ, «Әке» атты телесериал бұл елдің орталық телеарналарының прайм-тайм уақытына енгізілді», - деді вице-министр. Еске сала кетейік, бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев қытайлық БАҚ өкілдерін Astana Media Week және Азиялық-Тынықмұхиттық хабар тарату одағы (ABU) шараларына қатысуға шақырды.  
24 наурыз 2018 ж. 919 0