Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда туристік ойын-сауық орталығы құрылады

Байқоңырда туристік ойын-сауық орталығы құрылады

Байқоңыр қаласы маңынан туристік ойын-сауық орталығы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков айтты. «Туристік ойын-сауық орталығының жалпы аумағы 50 гектарға жетпек. Онда ғарыш аттракциондары болады деп жоспарланып отыр. Зымыран ұшырылған кезде қарап тұрған адамға олардың дыбысы естілетін болады. Әрине, әзірге бұл жоба күйінде тұр. Десе де оны тиісты орындар назарына ұсынып үлгердік. Қазір осы мақсатта инвестор іздеуге мән берілді», - деді Дінмұхамед Болатбеков. Басқарма басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, орталық туризмін дамуына өз үлесін тигізбек. Айта кетейік, жақында Қызылордадан Ресей астанасы - Мәскеу қаласына қатынайтын әуе рейсі ашылған болатын.  
18 шілде 2018 ж. 995 0