Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Министр мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді

Министр мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепте хиджаб киюге қатысты ведомствоның ұстанымын еске салды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Хиджабқа тоқталсақ, оған мектептерде тыйым салынған. Біздің позиция өзгерген жоқ. Мектеп бағдарламасы барлығына бірдей екенін білесіздер. Сондықтан мектептерде кез келген оқыту үрдісі біз қабылдаған бағдарламалар бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында жүргізіледі. Яғни, осы талап баршамасына қатысты. Осы тұрғыда біздің ұстаным өзгермегендіктен, қоғам бұған түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - деді Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында. Естеріңізге сала кетейік, біраз жыл бұрын Білім министрлігі мектепке xиджабпен келетін оқушыларға қатысты ресми ұстанымын білдірген болатын.
02 қыркүйек 2018 ж. 1 196 0