СЫРДАРИЯЛЫҚТАР ТАРИХИ ШЕШІМГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Сырдария аудандық мәдениет үйінде Астана қаласының «Нұр-Сұлтан» қаласы болып қайта аталуын қолдау мақсатында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты аудандық патриоттар акциясы ұйымдастырылды.
Тарихи шешімге қолдау білдірген "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева еліміздің барлық жетістігінде Елбасының қолтаңбасы бар екенін атап өтті.
Шара барысында "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып елорданың негізгі сәулетшісі Тұңғыш Президент екеніне кеңінен тоқталды.
Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Б.Есназар бас қала атауының өзгеруі Елбасының ерен еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет екенін айтты.
Шара соңы аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.