Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ


Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес Сырдария ауданында іссапармен болып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.
Халық қалаулылары Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, ел игілігі үшін қабылданған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары туралы айтып өтті.
Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров пен "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып баяндады.
Мәжілісмен ауданға жасаған іссапары барысында Іңкәрдария ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
(Суреттер "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалының ресми парақшасынан алынды)
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
17 шілде 2018 ж. 1 282 0