Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада дәстүрлі өнер кеші өтеді

Қызылордада дәстүрлі өнер кеші өтеді

Қызылордада Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында және Жастар жылына орай "Жырласа, жастар жырласын" атты республикалық жас дәстүрлі әнші-жыршылар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Дәстүрлі ән-жыр кешіне елімізге белгілі, жас талантты өнерпаздар қатысады. Олар: Мақпал Тоқтаған (Алматы), Алпысбек Баубек (Астана), Салтанат Қисатова (Павлодар), Қызылорда қаласынан Әділхан Қуаңбай, Бейсенбек Төлеубай, Еркебұлан Шыңжанов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Жарасхан Төлебай, Нұртілек Ақтаев, Мұхамедәлі Бекпейісов, Қуаныш Алғазиев, Мейірімжан Махамбетжанов, Зульфия Баймұрзаева.Өнер мұрагер ұрпақтары арқылы дәстүрлі сипатқа айналады десек, ұлт өнерінің бүгінгі жаңа буынының шығармашылық кешінен қапы қалмаңыздр!
Өтетін орны: Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театры
Өтетін уақыты: 30 Наурыз, сағ 18:00
Билеттер театр кассасында сатылады
Байланыс телефондары: 8 777 221 70 50 , 8 707 621 15 09

21 наурыз 2019 ж. 826 0