Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕАТР ЭДИНБУРГ ФЕСТИВАЛінЕ ҚАТЫСАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕАТР ЭДИНБУРГ ФЕСТИВАЛінЕ ҚАТЫСАДЫ


Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2018 жыл­дың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» ха­лықаралық өнер фес­тиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бо­йынша сахналан­ған «Ақ­баян» спектаклі­мен қатысады.
Халықаралық «Фриндж» («Frin­ge») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында Шотландия елінде өткізіліп келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фестивальдерінің бірі. Фестивальге әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаздар қатысады және 3000-ға жуық қойылымдар көрсетіледі.
Сыр театры ұсынғалы отырған «Ақбаян» спектаклін қойған режис­сер театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­­рат­кері Әмір-Темір Хұсейн Жү­сіп­­ұлы. Көркемдеген суретші Нұр­кен Қалымбетов. Спектакльде өнер көрсететін әртістердің басым көп­шілігі жастар. Атап айтсақ, Ақбаян рөлінде – Зарина Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы рөлінде – Санат Жүзбай, Қодар – Қанат Архабаев және Қарабай рөлінде – Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ба­­­қыт­­бек Те­мірбеков, Са­­ры­бай – ­Сы­­­рым Әб­дразақов, Мақ­пал – Қа­­зақ­­­­­­стан Рес­публикасы Мә­де­ниет минис­трлігінің Мәдениет қай­рат­кері төс­белгісінің иегері Залипа Тө­лепо­ва және Күнекей рөлінде – Ақтол­қын Төлеуова.
Махаббат хикаясына толы елу минуттық қойылымда – бесікте атас­тырылып, бірақ жолдары екіге айы­рылған, он жеті жылдан соң қайта жүздескен қос ғашықтың тағдыры суреттеледі. Бір-бірін көруге ынтық жүректер қайта табысады. Алайда, олардың қосылуына кедергі бар. Бірі – қалайда дүниесін толтыруды көздеген қыз әкесі Қарабай. Екіншісі – Баянға ғашық, тек күшіне сенген Қодар. Спектакльде қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық биі орындалып, асық, арқан-тартыс секілді ұлттық ойындар ойналып, қойылымның өне бойынан қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері көрініс табады.
«Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғысқан «Ақ­баян» спектаклімен әлем сахнасына жол тартып, барша қазақ өне­рінің жүгін арқалаған Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театры үшін бұл – үлкен тарихи құ­былыс және мәртебелі міндет бо­лып табылады», – деді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы.
Жарты ғасырдан астам тарих қойнауындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының репертуарында түрлі жанрдағы көрермен талғамына сай сапалы қойылымдар қатары бар.
Сонымен қатар, театрдың шығар­машылық құрамында жастар труппасы, қуыршақ тобы және драмалық ұжымды қосқанда барлығы 50-ге жуық әртістер қызмет етеді.
Театр 63 жылдық маусымында бес мемлекетке үлкен гастрольдік сапармен барып, қазақ өнерінің мәр­тебесін көтеріп, мерейін ас­қақ­татты. Оның ішінде, Татарстан, Түр­кия, Әзербайжан және Ұлы­б­ритания еліндерінде өткен өнер додаларына қатысып, үлкен жетістіктермен оралды.
Халықаралық «Фриндж» фести­валі – әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін үлкен өнер фестивальдерінің бірі. Аталмыш фестивальге музы­калық, этникалық, кино және ең бас­ты екі сала – опералық және экспериментальды театрлар қатысады.
Фестиваль тарихы сонау 1947 жылдан бастау алады. Алғашқы Халықаралық Эдинбург фестиваліне қатыса алмаған, яғни фестиваль бағдарламасына енбей қалған бір­неше театр труппалары еркін түр­де қойылымдар ұйымдастырып, барлық қала алаңдарында көрер­мендерге ұсынды. Осындай тың құбылыстардан соң сыншылар тарапынан оң нәтижелі пікірлер айтылып, сол уақыттан бері «Фриндж» және Халықаралық Эдинбург фес­тивалі қатар өткізіліп келеді.
«Фриндж» әлем бойынша ең үлкен және өнер ұжымдары үшін өте қолайлы ұйымдастырылған фес­тиваль. Фестиваль дәстүрі бойынша ақылы қойылымдар арнайы 4 үлкен ашық алаңдарда өтеді. Олар: Pleasance, Assembly Rooms, Gilded Balloon және Underbelly. Ал, ақысыз қойылымдардың басым көпшілігі атақты туристік көшеде және Маунд белесінде өтеді.

syrboyi.kz
24 шілде 2018 ж. 1 014 0