Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

78 газет

16 қазан 2018 ж.

77 газет

13 қазан 2018 ж.

76 газет

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » ЖАС ТАЛАНТТАР БУРАБАЙҒА АТТАНАДЫ

ЖАС ТАЛАНТТАР БУРАБАЙҒА АТТАНАДЫ


Сенбі күні «Burabay Summer Fest» балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінің аймақтық іріктеу туры өтті. Байқау Астана қаласының 20 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 15 маусым-4 шілде аралығында Бурабай демалыс аймағында өтеді.
Мыңнан тұлпар атану үшін қатысушылар дәстүрлі, академиялық, эстрадалық ән жанрлары, инструменталдық орындаушылық, көркемдік оқу номинациялары бойынша сынға түсті. Таланттар тайталасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов бастаған қазылар алқасы баға берді. Іріктеу сынында хореография жанры болмады. Себебі биыл ХХ облыстық «Бозторғай» конкурсында Өнер мектебінің «Балбұлақ» би ансамблі және аралдық «Ақтолқын» би тобының бүлдіршіндері үздік өнерімен талайды мойындатып, фестивальға жолдама алған болатын. Жеңімпаздар енді Бурабай баурайында 8 жанр бойынша аймақтың намысын қорғайды.
Бүгінде өнер сыншылары домбырашылардың күй күмбірін түсінбей, елге де түсіндіре алмай, сахнада тек саусақ шеберлігінің арқасында жүргенін жиі айта бастады. Дегенмен, іріктеу сынында балалар мен жастардың домбыра мен қобызға зор қызығушылықпен, құрметпен қарайтынын байқадық. Әсіресе, елге белгілі «Әлқиссадай» күйді орындаушыларға қошемет те көл-көсір болды. Байқау қорытындысында дәстүрлі өнер номинациясы бойынша Мая Жалғасбаева, Дильназ Әлімбаева, Камила Шілдебай, классикалық өнер номинациясы бойынша Динара Пернебек, Нұрсұлтан Аманкелдіұлы, Айзере Меңдиярова, эстрадалық ән номинациясы бойынша Аягөз Аралбайқызы, Дулат Әбдікәрім, Дінмұхаммед Төлеубай, Арайлым Берік, академиялық ән номинациясы бойынша Жаннұр Бердібекова, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Дильназ Ташмұхаммед, Әли Кеңесұлы, Шапағат Сәндібек, көркемдік оқу номинациясы бойынша Нұрқожа Тілек, Айзат Байбол, Нәби Ғазиұлы ақтық сында өнер көрсететіні белгілі болды. Сондай-ақ, аталған жас өнерпаздар Бурабайдағы фестивальмен қатар, Астана қаласындағы гала-концертке қатысатын болады.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
15 мамыр 2018 ж. 155 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам