Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қ.ТОҚАЕВ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қ.ТОҚАЕВ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ


Сенат төрағасы Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануын Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қатынастары мен стратегиялық әріптестігін дамыту бағытының негізгі кепілі екенін атап өтті.
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстанға таяу күндері келген елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенат төрағасы Кемероводағы апатта қаза болғандарға байланысты көңіл айтты.
"Біз осы оқиғада құрбан болғандардың туыстары мен жақындарының орны толмас қайғылыларына ортақпыз", - деді ол.
Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В.Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдағанын айтты.
Тараптар Астана мен Мәскеу арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті. Оны қалыптастыруда мемлекет басшыларының рөлі зор екені айтылды.
"Біз Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануын Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қатынастары мен стратегиялық әріптестігін дамыту бағытының табысты жалғасатынына сенімді кепілдік ретінде қарастырамыз", - деп атап өтті Тоқаев.
Сенат төрағасы екі елдің заң шығару органдарының өзара іс-қимылының келешегіне тоқталды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тығыз байланыстар парламентаралық үнқатысудың маңызды құралы болып қызмет етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 10-11 қазандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лилерлерінің VI Съезі туралы хабардар етіп, Ресейдің православ шіркеуі мен басқа да дәстүрлі діндердің жоғары өкілдерінің қатысатынына сенім білдірді.
Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен А. Бородавкинді құттықтады және Ресей елшісі жоғары лауазымында екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қомақты үлес қосатынына сенім білдірді.
30 наурыз 2018 ж. 1 388 0