Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАП, «ЖҰМБАҚТАСҚА» БАРДЫ

ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАП, «ЖҰМБАҚТАСҚА» БАРДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы халық жағдайын жақсартуға бағыттАлған кезекті маңызды құжат. Онда тұрмыс сапасын арттыру үшін негізгі басымдықтар айқындалған. Соны халыққа түсіндіру, ел болып жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-насихат тобы жұмыс жасайды. Бұл жұмысқа халық қалаулылары, өңірлердегі атқарушы билік өкілдері мен белсенділер атсалысады.
Сонымен қатар, бала бағбаны болған ұлағатты ұстаздар да Жолдауда жүктелген міндеттерді жеткізуге күш-жігерін жұмсайды. Аймақта, ауданда үгіт бригадалары құрылып, мұғалімдер маңызды құжаттың мәнісін түсіндіреді. Түрлі әдістер арқылы әрбір азаматтың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуына үндейді. Міне, сондай үгіт бригадалары арасында жыл сайын байқау ұйымдастырылады. Оған қатысқан аудан орталығындағы №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің жас мұғалімдерінен құрылған «Кемел болашақ» үгіт бригадасы облыстық байқауда бас жүлдені жеңіп алған болатын. Жолдаудағы маңызды міндеттерді жан-жақты жеткізген ұстаздар еңбегі нәтижелі болып, олар Ақмола облысындағы «Жұмбақтас» шипажайына тегін жолдама ұтып алды. Жақында мектеп мұғалімдері аталған шипажайға барып, демалып келді. Үгіт бригада құрамындағы 11 ұстаз Қазақстандағы көрікті жерді тамашалап, жаңа жылда бір серпіліп алды. Жолдауды насихаттаған жас ұстаздардың «Жұмбақтаста» тынығуына облыстық және аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мұрындық болды.

Е.БЕРКІНБАЕВ

06 ақпан 2019 ж. 747 0