ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Бүгінде республика көлемінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға арналған жұмыстар жалғасын табуда. №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында жақында аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасы мен «Ақиқат» үгіт бригадасы мүшелері «Латынды қолдау – жарқын болашақты таңдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуді «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасының көркемдік жетекшісі С.Наурызбаев ашып, латын графикасына көшудің мақсат-міндеттерін атап көрсетті. Бұдан бөлек халық арасында жүйелі осы бағыттағы жұмыстар пысықталып жатқандығын тілге тиек етті. Өз кезегінде мәдениет саласының мамандары Ә.Ерғали мен Д.Көшекбаев сөз алып қазіргі таңда өзара байланыс арқылы педагогтармен латын қарпіне байланысты пікір алмасу маңызды, білім беру үдерісіне ілесе отырып, әлем тәжірибесін мектеп қабырғасында балаларға үйрету үшін латын графикасына көшу бүгінгі заманның – басты талабы екендігін жеткізді.
«Ақиқат» үгіт бригадасы мүшелері латын қарпінің тиімді тұстарын айтып, маңызды бастама жөнінде ойларын ортаға салды. Келешекте ұстаздар қауымы латын әліпбиінің негізгі фукцияларын оқушыларға ұғындыруға күш салатыны анық. Ендігі кезекте латын графикасының жаңа нұсқасын меңгеруге осы бастан бетбұрыс жасау қолға алынады. Қашанда тың бастамаларға үн қосатын педагогтар латын әліпбиін насихаттауда маңызды рөлге ие.
Балтабай ОРДАБЕКОВ