Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ДАМУЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ДАМУЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағиев, Байділдә Жылқышиев және Наталья Жумадильдаева Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды.
Мәжілісмендер аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен бірге ауданның Бесарық ауылдық округін аралап, кәсіпкерлермен, білім беру саласының қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауы туралы өз ойларымен бөлісті.
Елбасы Жолдауын насихаттау, саяси маңызды құжаттан туындаған міндеттердің орындалу барысын талқылау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысуды мақсат еткен халық қалаулылары Бесарық ауылындағы мәдениет үйінің, балабақшаның және "Абай-Дәулет" серіктестігінің жұмысымен танысты.
Шаруашылықтың қой бағу алаңында және қырманында болған мәжілісмендер берекелі Бесарық ауылының дамуына жоғары баға берді. Сонымен қатар, балабақша қызметкерлерімен бірге "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауды талқылады.
Халық қалаулылары Қожахан Жабағиев, Байділдә Жылқышиев және Наталья Жумадильдаева ел Президенті айқындап берген міндеттерді сапалы орындауға барлық қоғам мүшелері өз үлесін қосу қажеттігін айтты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
20 қазан 2018 ж. 1 226 0