Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН – БІЛІМ БИІГІНЕ!

ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН – БІЛІМ БИІГІНЕ!


ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӨРТІНШІ ӨНЕР­­КӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДА­МУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ АЯСЫНДА ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ. БАЙҚАУ АЛДЫМЕН ЕКІ АЙМАҚТА ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕ ӨТІП, АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕН БІР-БІР КОМАНДАДАН ҚАТЫСТЫ. АЙМАҚТЫҚ ЖАРЫСТАН ҮЗДІК ШЫҚҚАН КОМАНДАЛАР АУДАНДЫҚ АҚТЫҚ БАЙҚАУҒА ШЫҚТЫ.

Елбасы Жолдауын және «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын насихаттаған сегіз үгіт бригада «Яксарт» (№210 мектеп), «Ақиқат» (№35), «Жарқын болашақ» (№132), «Жасампаз жастар» (№126), «Руханият» (№36), «Смарт-37» (№37), «Кемел болашақ» (№131), «Нұрлы болашақ» (№147) маңызды құжаттағы 10 басым бағытты барынша дәріптеп, әсіресе, білім беру саласындағы жаңалықтарға назар салды. Көрсетілім кезінде үгіт-насихат материалдарын тиімді пайдаланып, сахналық шеберлігін, түрлі жанрда өнер көрсету ерекшеліктерін ескеріп қазылар өз бағасын берді. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды №210 мектептің «Яксарт» тобы, екінші орынды №131 мектептің «Кемел болашақ» тобы, үшінші орынды №35 мектеп-лицейдің «Ақиқат» тобы жеңіп алды. Басқа командаларға «Үздік насихаттаушы», «Үздік PR топ», «Ең үздік әуенді ұжым», «Үздік сценарий», «Шығармашыл топ» номинациялары берілді.
Байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің бас­пасөз хатшысы, қазылар алқасының төрағасы А.Ибрагимұлы мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы А.Есназар марапаттап, «Алғыс хат», естелік сыйлық және І орын алған командаға облыстық кезеңге жолдма берді. Сондай-ақ, байқау жеңімпазы атанған команда «Қамбаш» демалыс орнына 2 күнге демалу мүмкіндігіне ие болды.
Аудан мектептерінің белсенді жастарын шы­ғар­машылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткен байқау мұғалімдерге тың серпін берді.

Б.ЖАНӘЛІ

20 наурыз 2018 ж. 1 545 0