Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНЕН БЕЛСЕНДІЛІК ТАЛАП ЕТІЛЕДІ

ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНЕН БЕЛСЕНДІЛІК ТАЛАП ЕТІЛЕДІ


«Нұр отан» партиясы аудандық филиалында ке­зек­ті ХХІІІ конференция болып өтті. Конференция жұмы­сына конференция делегаттары, партия белсен­ділері, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым­дар, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияны филиал төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қ.Қазантаев ашып, жүргізді. – Кезекті конференция еліміздің елеулі кезеңінде өткізіліп отыр. Үстіміздегі жылдың 5 қазанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын арнады. Ұлт көшбасшысының бұл жолғы Жолдауы – Тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беріп, халықтың игілігін көздейтін тарихи құжат. Елбасы айқындап берген бағыттарды халық арасында толықтай насихаттап оның мән-мағынасын түсіндіру партия мүшелерінің абыройлы парызы,– деді төраға.
Конференция барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың негізгі бағыттары және «Аумақтық филиалдың 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы» хабарлама жасады. Бұл бойынша есепті мерзімде атқарылған жұмыстарды делегаттар С.Қаюпов пен Ә.Мырзахметова оң бағалап жақсы деген баға берді. Мұнан соң делегаттардың мандат көтеруімен аудандық кеңестің, бюро мүшелерінің құрамы, облыстық партия конференциясына делегаттардың құрамы сайланды.
Конференцияны қорытындылаған филиал төрағасы Ғ.Қазантаев партия мүшелері алдында тұрған төрт міндетке тоқталды.
– Елбасы Жолдауын насихаттау – бұл жарқын болашақтың негізі. Екін­шіден, биыл аймағымыз бойынша кәсіпкерлікті қолдау жылы. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті кезең-кезеңімен дамыту міндеті қойылып отыр. Оған партия мүшелері белсенді атсалысуы тиіс. Үшіншіден, Жолдауда келесі жыл «Жастар жылы» деп белгіленді. Біздің ауданда бұл бағытта серпінді жұмыстар жасалуда. Төртіншіден, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру ізгі мақсатты көздейді, – деді төраға.
Осымен конференция жұмысы аяқталып, тиісті қаулылар қабылданды.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ

02 қараша 2018 ж. 872 0