Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙМЫЗ

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙМЫЗ

Біз бала кезімізден қазақ ұлтының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін бойымызға сіңіріп өстік. Алғаш ата-анамыз қастерлі яки, тарихи Отанымызды құрмет тұтуды үйретті. Ата-бабамыздың мәңгілік мұраты қасиетті қазақ өлкесінде жүзеге асты. Қазақ баласымен тетелес ер жетіп, бір нанды бөліп жеген кезіміз әлі есімде. Балалық шағымның куәсі атанған қазақ жерінің киесін ұғынып, әрқашан елімнің жетістігіне марқаюмен боламын. Жаңа заман көшіне ілескен мемлекетіміз кез-келген алпауыт елмен терезесі тен екендігін дәлелдеп келеді. Сан салада ілгілері даму үдерісі кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазақстан халқының әлеуетін көтеру жолында стратегиялық жекелеген бағдарлама қабылданып, жарқын болашақтың негізі қалануда.
Қашанда дастарқан басына қазақ достарымызбен емен-жарқын әңгіме дүкен құрып, сырласатынымыз бар. Сонда біздің татулығымыздың діңгегі үлкеннен алған тәлім-тәрбиенің арқасында екендігін білеміз. Ұлттар жарасымдылығының жарқын үлгісін көпшілікке насихаттап келеміз. Осы ретте құшағын ашып, бауырына басқан қазақ халқына мың алғыс айтамыз!

Мила КАН,
корей ұлтының өкілі
06 ақпан 2019 ж. 1 135 0