Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗ ЖАНБАСАҚ ЛАПЫЛДАП...

БІЗ ЖАНБАСАҚ ЛАПЫЛДАП...

Елбасының қай Жолдауын алсақ та жастарға қатысты жобалар мен бастамаларға үнемі назардан тыс қалмайды. Ел Президентінің кезекті Жолдауында да жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, осы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Халыққа арнаған Жолдауында «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – деген Мемлекет басшысы кешегі Жастар жылының салтанатты ашылуында соны іске асыруды міндеттеді. Әсіресе, жас кәсіпкерлерді қолдап, олардың өз-өздерін жұмыспен қамтуына мүмкіндік жасау тағы да зор қолдау деп білемін. Яғни, жастардың қолдан келетін ісімен айналысуға мүмкіндік мол деген сөз.
Біз еркін халықтың, жау-жүрек ата-бабаларымыздың ұл-қыздарымыз. Көзіміздегі жалын, кеудеміздегі рух, намыс еш уақытта сөнбеуі керек. «Мен лапылдап жанбасам, сен лапылдап жаңбасаң, біз лапылдап жанбасақ, аспан қалай ашылмақ!» демекші қай мәселеде болсын немқұрайлылыққа берілмеген жөн. Өзім ауыл жасы ретінде жастар жылының жоғарғы деңгейде аталып өтілуіне атсалысуға дайынмын.

Айшат СЕЙІТСҰЛТАНОВА,
жас маман,
Қалжан ахун ауылы
29 қаңтар 2019 ж. 1 650 0