ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН ЗОР СЕНІМ
Әр жыл сайын Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайтыны баршамызға айқын. Бір жылдың ішінде екінші рет жарияланған бұл жолғы саяси құжат бұрынғылармен салыстырғанда ертерек жарияланды. Оның да өз себебі бар деп ойлаймын. Өйткені, қазақ елінің әл-ауқатын жақсарту үшін алдағы жоспарларды алдын-ала белгілеп алу қажет.
Кез келген саланы назардан тыс қалдырмайтын Елбасы алдағы 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл бізге, яғни келер ұрпаққа артылған үлкен сенім деп білемін. Үнемі жастарға қолдауын аямайтын Мемлекет басшысы «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деді. Осыдан-ақ Елбасының жаңа Жолдауы еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймын.
Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет ету мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мән берілген. Бұл жас мамандарға жарқын жол ашатын айқын бастама екені ақиқат. Міне, осындай жастарға деген қолдаудың нәтижесінде мен қазір орман шаруашылығы саласында қызметімді бастадым. Табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп, артылған сенім үдесінен шығуға талпынудамын.
Елбасының Жолдауын қазақстандық жастар қолдайды деп санаймын және ондағы міндеттерді біріге атқаруға шақырамын.
Данияр ПАИЗРАХМАНОВ,
жас орманшы