Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖОЛДАУ

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖОЛДАУ



Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауды ұсынды. Бұл азат елдің озат ойлы жалынды жастары үшін зор қуаныш және жарқын жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктердің бастауы болып табылады.
Бәрімізге белгілі, Ұлт Көшбасшысы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастарға әркез қолдау көрсетіп, біздің сапалы білім алуымызға, спортпен, өнермен шұғылдануымызға қамқорлық танытып келеді. Елбасының мұндай жаңашыл реформалары мен нақты қолдаулары жастардың болашаққа деген сенімін күшейтетіні анық.
Елбасының байыпты бастамаларын жүзеге асыру мақсатында Сыр өңірінің халқы өзгелерге зор үлгі танытып келеді. Мәселен, аймақта жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, білімге ұмтылған жас буын өкілдеріне қолдау көрсетудің өзіндік үлгісі қалыптасқан. Аймақта жастарға арналған азаматтық қоғам институттары да жемісті жұмыс жасап келеді.
«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек, - деді Ел Президенті халыққа арнаған Жолдауында. Яғни, Үкімет пен жергілікті атқарушы билік алдағы жылы ауқымды жұмыстарды қолға алып, қоғамның даму үдерісін ілгерілету бағытында кешенді іс-шаралар қабылдайды. Ал, осынау игілікті іске әрбір жас өз үлесін қосуға, егемен елдің дамуына атсалысуға міндетті. Қорыта айтқанда, Елбасы Жолдауы жастарға жігер сыйлады. Елбасымыздың салиқалы саясатын ел жастары, оның ішінде Сыр өңірінің жас буын өкілдері қолдайтыны анық.
Ақтөре Ибрагимұлы,
"Сыр үміті" жастар сыйлығының иегері, 
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
07 қазан 2018 ж. 2 472 0