Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа белесті бағындыратын жыл

Жаңа белесті бағындыратын жыл


Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын мұқият тыңдап, жастар арасында талқылау біз үшін дәстүрге айналған. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – даму жолындағы мақсат-міндеттердің барлық сала бойынша нақты айқындалуы.
Қазір әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Осыған байланысты Ұлт Лидері жаңа технологиялар, робототехника және автоматтандырудың еңбек ресурстары мен адам капиталы сапасына қатысты талаптың күрделендіріп отырғанын атап айтты. Сондықтан әр маман өз саласындағы жетістіктерді саралап, өзін-өзі қамшылап, заман талабына сай жаңаны үйренуге тырысып жүруі керек. Бұл әсіресе, біз секілді жас мамандарға екі есе жауапкершілік жүктейді деп ойлаймын.
Елбасы Жолдауында жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналатын атап көрсетті. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», – деді Ел Президенті. Жастарды қолдау мақсатындағы бастамаға барлық жас­тар үн қосады деп сенемін. Бұл жолда ел жастары барын салулары керек. Белсенді жас ретінде аудан жастарын 2019 – біздің жылымызды жоғары деңгейде өткізуге атсалысуға шақырамын.

Бейбіт Бекішев,
жастар маманы,
С.Сейфуллин ауылы
19 желтоқсан 2018 ж. 828 0