Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ


Аудандық бюджет есебінен Бесарық және Жетікөл ауылдық округтерінің тұрғын үйлеріне дейінгі ауыз су жүйелерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткізуге 11,3 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, А.Тоқмағанбетов елді мекеніне кіреберіс жолының 5 шақырымын, Самара- Шымкент-Жаңадария жолының 5 шақырымын, Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі жолының 12 шақырымын, Тереңөзек кентінің Керейтбаев көшесін орташа жөндеуге жоба-сметалық құжаттар дайындауға 19,6 млн. теңге қаржы қаралды.
Тереңөзек кентіндегі Аманкелді Иманов көшесін қайта жаңғыртуға, Н.Бердіқұлов көшесіне жол құрылысын салуға қажетті құжаттар дайындалуда.
Есепті мерзімде облыстық бюджет есебінен 55,8 млн. теңгеге И.Тоқтыбаев, Жеңістің 50 жылдығы көшелері орташа жөнделді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
12 қаңтар 2019 ж. 1 269 0