Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ КВАРТАЛІШІЛІК ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ КВАРТАЛІШІЛІК ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА


Сырдария ауданына көгілдір отын, яғни табиғи газ келетін күн алыс емес. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар қарқын алды. Аталған жұмыстардың сапалы жүргізілуі аудан әкімдігінің басты назарында.
Жалпы құны 2,4 млрд.теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысын 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда.
Бұл жобаны іске асыру үшін 2019 жылға республикалық бюджеттен 525,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 52,0 млн.теңге қаржы бөлінуде. Сонымен бірге, 2020 жылға 1 млрд. 679 млн.теңгені республикалық және 188,0 млн.теңгені облыстық бюджеттерден бөлу жоспарлануда.
Осы орайда аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Тереңөзек кентіндегі 22 мекемеге газ желісін қосу үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жоба сметалық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 64 млн.теңге қаржы бөлінді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
12 қаңтар 2019 ж. 984 0