БАСПАНАМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын.
2018 жылдың қараша айында 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталып, аудан тұрғындарына тұрғын үй кезегіне сәйкес 42 пәтер берілді.
Дәл осындай құрылысты, яғни №1, 2 тұрғын үйлер құрылысын 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныс берілді.
Сонымен қатар, № 5, 6 үйлердің жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл жобаны наурыз айында қаржыландыру үшін республикалық бюджетке ұсынып, қосымша 36 пәтер салынатын болады, жалпы алдағы уақытта 78 пәтер пайдалануға беріледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2