Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯНЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

ПАРТИЯНЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Онда комиссия жетекшілері жыл бойы атқарған жұмыстарды саралады және партия белсенділері марапатталды.
Жиында «Нұрлы жол» мем­лекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағ­дарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жанындағы комиссияның, партия филиалы жанындағы Сы­­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес­тің, партияның Сайлауалды бағ­­дар­­­ламасын жүзеге асыру бойынша «Денсаулық» бағытындағы комиссияның атқарған жұмыстары тыңдалды.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша 22 жоба жүзеге асырылуда. Басқосуда комиссия жетекшісі, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Темірхан Әлімқұлов атқарылған жұмыстар туралы айтты.
– Олардың біреуі Жаңақорған ауданында болса, қалған 21 жоба – бас шаһарда. Қаладағы жоба жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Бюджет қара­жатын мақсатты жұмсау нәтижесінде 262,1 млн теңге үнем­деліп, республикалық бюджетке қайтарылды. Негізгі қаралған қаржы толық игеріліп, 120,7 ша­қырым ауыз су, 4,5 шақырым кәріз жүйесі және 7,046 жылу желісі жаңғыртылса, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында сумен қамту және суды бұру бойынша Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы 19 жобаға қаржы қаралып, оның 9-ы аяқталды. Нәтижесінде 89,9 шақырым ауыз су, 12,1 шақырым кәріз жүйелері жаңартылды, – деді Т.Әлімқұлов.
Мұнан соң партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов хабарлама жасады. Ол Мемлекет басшысы, партия Төрағасының нұротандықтарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, партиялық мониторинг жасауды тікелей тапсырғанын атап өтіп, қоғамдық кеңес жұмысының нәти­желерімен таныстырды. Сондай-ақ, жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныс-пікірлерді ортаға салды.
– Бізде көбіне жұмыс есеп үшін жүргізіледі. Яғни, рационалды ойлаймыз. Ал біз иррационалды шынайы сезіммен ойлағанымыз жөн. Сонда ортақ мүдде жеке мүддеден жоғары тұрады. Бұл бағытта Елбасы бастамасымен жүргізіліп отырған «Рухани жаңғыру» аясында, қазақ қоғамының дәстүрлі құқықтық мәдениеті арқылы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Құқықтық мәдениет жоқ жерде құқықтық жүйе де қауқарсыз. Осы жерде ұлттық ар-ұят, ұлттық намыс түсінігінің орны маңызды, – деп атап өтті.
Сонымен қатар Наурызбай Сейіт­қалиұлы халықтың санасын­дағы «ақша бермесең, дәрігер сені ем­демейді, мұғалім дұрыс білім бермейді, билік мәселеңді шешпейді» деген тү­сінік азамат­тарды пара беруге итермелейтіндігін және бұқараға таратылатын әрбір ақпараттың қоғамдық санаға әсерін ескеру қажеттігін алға тартты.
Партияның Сайлауалды бағдар­ламасын жүзеге асыру бойынша «Денсаулық» бағытындағы комиссияның жұмысын баяндаған аймақтық тәлімгер Нұриддин Әмитов жалпы медицинаға қаржы бөлінуі жағынан Сыр өңірінің республика бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өтті.
Жиын соңында бюро мүшелері күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партия­сы депутаттық фракциясының 2019 жылға арналған жұмыс жос­парын, фракция мүшелерінің алдағы жылға арналған қабылдау кестесін бекіту туралы шешімдер қабылдады. Яғни, Саяси кеңес бюросы отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып, қаулылардың жобалары негізге алынды.

Шынар БЕКБАН.
23 желтоқсан 2018 ж. 843 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 14:19
Generic Viagra Vs Viagra Levitra Online Purchase Cialis Oder Viagra Test cialis 40 mg Cheapviagrausa

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 15:46
Que Efectos Produce El Viagra cialis overnight shipping from usa Modgavil