Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты ағайын!
Қадірлі сырдариялықтар!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын ерекше күн. Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолымен келеді.
Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елі сүйген Елбасы барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан зор құрметке ие болған кемеңгер тұлға.
Елбасы Сыр өңірінің де болашағын айқындап берді. Аймақты сәулеті мен дәулеті келіскен, тұрғындарға жайлы мегаполиске айналдыру бойынша бірқатар міндеттер жүктегені мәлім. Мәдениет пен өнерімізді, білім мен ғылымды, өнеркәсіп пен бизнесімізді дамыту арқылы біз бұл мақсатқа жететін боламыз. Әрбір іссапарында Мемлекет басшысы өңірдің дамуына ерекше мән беріп, жарқын болашағына үлкен сенім артып келеді. Сенім үдесінен шығу мақсатында ауқымды істер атқарылып, дамуға бағытталған жаңа жобалар жасалды.
Қадірлі жерлестер!
1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды.
Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Ел халқының бірлігі мен берекесін бекемдеп, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! "Тұңғыш Президент күні" мерекесі құтты болсын! Еліміз, Елбасымыз аман болсын!
Құрметпен, 
Ғанибек Қазантаев,
Сырдария ауданының әкімі
01 желтоқсан 2018 ж. 932 0