Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТ


Үстіміздегі жылдың 30 қараша күні Елордасы Астанада «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс 14 съезі болып өтті. Ауылдықтардың республикалық құрылтайына біздің ауданнан облыстық мәслихат депутаты, «Ыссамадин» ШҚ төрағасы шіркейлілік Ж.С.Нұрымбетов делегат болып қатысты.
– Құрылтай жұмысы жоғары деңгейде өткізілді, – дейді съезд делегаты Жанарбек Сражаддинұлы. – Қаралған мәселелерге келетін болсақ, партия Жарғысына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырумен үндесетін ауыл әлеуетін көтеруге байланысты мәселелер қозғалды.
Аты айтып тұрғандай партия ауылдықтардың мүддесін қорғайды. Сондықтан қаладағы жағдай ауылда орнаса деген үміт жетегінде жүреді. Осыған орай, ауылдық жерлерде білім беру, жергілікті тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, коммуникациялық жүйелерді орнату және жол жөндеу мәселелері қозғалған. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар жастардың әлеуметтік түйткілдерін шешуге және ауыл кәсіпкерлерін ешқандай делдалсыз тікелей несиелендіруге баса назар аударылып, осы өзекті мәселелер көтеріліпті.
Кәсіпкер тұрғын үй үшін бөлінген жер телімінің инфрақұрылым жүйесін жүргізуге қаржы бөлінуіне халық қалаулысы ретінде ықпал етумен бірге, жыл сайын ауыл тұрғындарына 5-6 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек беріп отырады. Одан басқа, кәсібін жаңа бастаған жастардың жанашыры, ақылшысы. «Келесі жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы кәсіпкерлікке келетін жастарға тың серпін берері сөзсіз» – дейді кәсіпкер. Себебі, съезд жұмысында кәсіпкерлікке жастарды көптеп тарту, ауылды көркейту, елдегі жастарды ынталандыру, қолдау көрсету жайына көбірек мән берілгендігін тілге тиек етті.
Жалпы, елдің, ауылдың мәселесі Елбасы Жолдауында жан-жақты қамтылған. Осының негізінде, ауыл мектептерінде білім беруді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі бағдарламаға көшірсе деген ұсыныс айтылыпты. Себебі, ауыл балалары талант жағынан ешкімнен кем емес.
Қала мен ауылды жалғайтын инфрақұрылым – жол мәселесі де жоғары мінбеден айтылған. Себебі, жол – бүкіл қатынастың өзегі. Халық шаруашылығы жүктерін тасымалдауға жолдың маңызды екені белгілі. Осыған орай, съезде өзекті мәселелер қозғалып, тиісті орындарға ұсыныстар жолданды. Түптеп келгенде, ауыл мәселесі әрдайым Үкіметтің назарында болып, оның әлеуетін арттыру күн тәртібінен түскен емес.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
15 желтоқсан 2018 ж. 998 0