Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН АРАЛАДЫ


Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттау және ауылшаруашылық құрылымдарының жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі Ғ.Қазантаев пен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ауданның Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған елді мекендерін аралады.
Қоғалыкөл ауылындағы қырман даласында өткен кездесуге ауыл ардагерлері, шаруашылық төрағалары, егінші-механизаторлар қатысты.
Аудан басшысы Елбасы Жолдауында нақты тапсырмалар берілгенін айтып, аграрлы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.
– Егін жинау науқаны ауданымызда белсенді жүргізілуде. Биылғы Жолдау осындай берекелі шақпен тұспа-тұс келді. Жолдаудан туындаған міндеттерді сапалы орындау баршамыздың міндетіміз. Ауылдың тұрмысын жақсарту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында нәтижелі істер атқарылуда. Алдағы уақытта да осы бағытта кешенді іс-шаралар қабылданатын болады,- деді аудан басшысы.
Өз кезегінде "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Қожанов, ауылшаруашылық саласының ардагері Ж.Базарбек, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы С.Көмірбаев, "Ақжарма және К" фермерлік шаруа қожалығының төрағасы Қ.Нұрсейітов, шаруашылық өкілі Б.Әлекеев Елбасы Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салып, маңызды саяси құжаттың жарқын жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктердің бастауы екенін айтты.
08 қазан 2018 ж. 1 305 0