ЭКСТРЕМИЗМ – ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН ТЕЖЕЙТІН ҚЫЛМЫС
Экстремизм – қоғамның дамуын тежейтін, зор шығын әкелетін және болашағымыздың баянды болуына кедергі келтіретін ауыр қылмыс. Қазіргі таңда, бұл өзекті мәселе әлемнің дамыған елдерін де алаңдатып отыр. Сол себепті, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Экстремизмнің әлеуметтік-экономикалық тоқырауға әкеліп соғатыны дәлелденген.Бұған мысал ретіндеөзге елдерде тіркелген оқиғаларды айтуға болады. Мәселен, кейбір алпауыт елдер лаңкестіктің салдарынанзор шығынға батты. АҚШ-тың Иракқа, Ауғанстанға қарсы саясатыннемесе Қырым оқиғасына байланыста Ресей еліне қолданып жатқан саясатты экономикалық тоқыраудың алғышарты деп айтуға болады.
Экстремизм қылмыстары бейбіт тұрғындардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуінен де орын алуы мүмкін. Бұл мәселені болдырмау мақсатында мемлекет тарапынанжылдан жылға жалақы мен зейнетақыны арттыру, халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, бұл қылмыс мемлекеттік басқару жүйесіне де кері әсер етеді. Нақтырақ айтқанда, лаңкесшілер халықты күштеп, әділетсіз басып алып, билік жүргізуді көздейді. Мұның салдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне негіз болады. Сол себепті, еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты Заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылыбарыншаашық, қолжетімді қызмет көрсету болып табылады.
Терроризмнің, экстремизмнің алдын алу бағытында іс-шараларды ұйымдастыру–жергілікті атқарушы органның міндеті. Бұл ретте, ауданымызда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде аудан әкіміжанынан терроризмге қарсы комиссия құрылған. Аталған комиссия жабық түрде тоқсанына бір рет және қажеттілігіне байланысты аудан төңірегінде қаралатын тиісті мәселелерді қамтып, аудан тұрғындары арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында мәжілістер өткізуде.Мәжілісте маңызды мәселелер талқыланып, атқарылу тиіс жұмыстар сараланып, тиісті тапсырмалар берілуде. Коммиссия жұмысының оң нәтижесі ретінде, аудан бойынша 17 орталықтандырылған кітапханаларда, 9 ауыл клубтарында, 7 мәдениет үйлерінде, 131 спорт секцияларында балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану негізінде мәдени, патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылғанын айтуға болады. Сондай-ақ, террористік тұрғыдан осал объектілерге террорлық әрекеттерді залалсыздандыру, зардаптардың шығынын азайту бағыты бойынша арнайы плакаттар қазақша және орыс тілдерінде қоғамдық көліктерге ілінді. Аудан әкімінің бастамасымен бірқатар мемекелердің қауіпсіздік талаптарыннығайту үшін халық көп келетін мекемелерге, көшелергебейнебақылаулар мен турникеттер орнатылды.Аудан аумағында ҚР ҰҚК-ніңұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарланған біліктілік арттыру курстары және оқу жаттығулары өткізілуде. Аудан қызметкерлері оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жоғары дәрежеден көрінуде.Бұл жұмыстар терроризмнің алдын алуына үлкен үлесін қосып және ағымдағы жылыда жалғасын таба береді деуге толықтай сенім мол.
Нұржан ОМАРОВ,
Аудан әкімі аппаратының
бас маманы.