Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында терроризмге қарсы іс - қимылды үйлестіру, талдау мақсатында жұмысшы тобының отырысы өтті. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қа­ласы бо­йынша департаментінің қызметкерлері М.Есқазиев, Б.Раханов, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Д.Жалмағанбетов, аудан әкімі аппаратының жауапты қызмет­керлері және террористік тұрғыдағы осал объектілердің басшылары қатысты.
Жиын барысында ҰҚК қызметкері Б.Раханов ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысына сәйкес террористік тұрғыда осал объектілерге қойылатын талаптар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, тәулік бойы ғимараттың іші мен ауласын толықтай бейнежазбаға түсіретін сапалы бейнекамералар орнатылу керектігін айтты. Жиынға қатысушылар сала мамандарына сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптар алды.

«ТТ»-ақпарат
18 шілде 2018 ж. 848 0