Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР


Діни ахуал бүгінгі таңда республика көлемінде кеңінен талқыланып, жергілікті елді-мекендердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Қашанда халықты экстремизм қаупінен сақтандыру арқылы тұрақтылықты сақтай аламыз. Көздеген мақсаттарын орындауға жол бермей, жаппай халықты сауаттандыру арқылы орны толмас шығындарға жол бермейміз. Осы орайда жақында аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелеріне «Діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы ақпараттық түсіндірме шараларын жетілдіру жолдары тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» ҚММ-ның директоры Бақытжан Камалов, ҮЕҰ мүшелері, мектеп педагогтары, және учаскелік полиция инспекторлары мен сала мамандары қатысты.
Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Әлимаш Мырзахметова ашып, аудандағы діни ахуал тұрақтылығын тілге тиек етті. Өз кезегінде аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық түсіндірме топтың жұмысын меймандарға таныстырды. Сондай-ақ, діни экстемизмнің алғы шарттарын болдырмау мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар құрметті меймандар жиналғандарға дін мәселелері жөнінде кеңінен ақпараттар беріп, белгіленген тақырыпта баяндамалар жасады. Ақпараттық топ мүшелеріне жалпы діни сауаттылықты халық арасында жетілдіру туралы мазмұнды бастамаларын айтты. Жастарға діни ахуалды ұғындыратын мәселелерді жан-жақты көтерді. Жалпы алғанда діни тұрғыдан азаматтардың ойлау мүмкіншіліктерін қалыптастыру жүйесін ашып айтты. Түрлі теріс әрекеттерден сақтану шараларын тізбектеді. Бұдан кейін Бақытжан Камалов сөз алып, жиын барысында көтерілген мәселелерге пікірін білдірді. Жастар арасында діни ахуалға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізілетіндігін тілге тиек етті.
Аудан тұрғындары сала мамандарына сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Дінге қатысты бірқатар мәселе талқылынып, қорытындыланды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
31 наурыз 2018 ж. 1 761 0