Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ


"Өзіңді туберкулезден қорға" ұранымен Асқар Тоқмағанбетов ауылдық мәдениет үйінде кең ауқымды акция өтті. Акцияның басты мақсаты - туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шараларын, туберкулездің алғашқы белгілері мен туберкулездің жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру болды.
 
Акцияның әсерлі өтуіне № 135 орта мектебінің оқушылары дайындаған сахна көріністері мен спорттық билері ықпал етті. Ал, ауыл балабақшасының бөбектері көрсеткен флэш-мобынан спортпен айналысудың ерте - кеші жоқ және саламатты өмірді бесіктен бастау алған дұрыс екендігін білдірді. 
Акцияда аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е. А. Ұзақбаев, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жұқпалы аурулар мен туберкулездің алдын алу бағдарламаларының үйлестірушісі Б.Д.Қарымсақова, фтизиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Л.Ж. Ибраймова жұқпалы дерт туралы мағлұматтар берді. Амбулатория меңгерушісі Г. Абдирова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы Ұ. Нұрбаева мен жастар денсаулығы орталығының дәрігері Д.Алашбаева қорытындылап, акцияны ұйымдастыруда демеушілік көрсеткен жастар ресурстық орталығының ескерткіш сыйлықтарын табыстап, іс шараны қорытындылады. Акцияға қатысушылар флюороавтокөлігіне түсіп, ақпараттық танымдық материалдармен танысты.
Б.ЖАНӘЛІ
14 наурыз 2018 ж. 1 622 0