Кондитерлік өнімдердің сапасына қойылатын талаптар
Кондитер өнімдерін сатып алу барысында келесіге назар аудару қажет:
Өнімдердің жарамдылық мерзімін тексеріңіз, мерзімі өткен немесе таңбалануы анық емес өнімді сатып алмаңыз. Қаптамасы жыртылған, ашылған, зақымданған өнімді таңдамаңыз. Кремі бар торттар мен тәтті тоқаштар белгіленген температурада сақталуы тиіс. Тоңазытқышта сақталатын өнімді сөреде тұрған күйінде алмаңыз. Өнімнің атауы, құрамы, өндіруші, сақтау шартары және басқа міндетті таңбалау ақпараты көрсетілгенін тексеріңіз. Көгерген, түсі өзгерген, бөтен иісі сезілетін өнімді сатып алмаңыз. Өнімдер таза жерде, белгіленген сақтау талаптарына сай орналастырылған болуы керек.
Дұрыс таңбалаудың азаматтардың қауіпсіздігімен денсаулығын қамтамасыз етудегі маңызы зорекенін есте сақтау қажет. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдеріндегі ақпараттың толық әрі түсінікті болуын қамтамасыз етуге тырысуы керек, ал тұтынушылар өз құқықтарын қадағалап, сақ болулары тиіс.
Кондитерлік өнімдерді таңдау кезіндегі келесі мәліметтер назардан шығарылмауы қажет:
-Үй жағдайында дайындалған кремді-кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз, өйткені өнімді дайындау мен сатуды медициналық тексерістен өтпеген, арнайы киімі жоқ белгісіз адамдар жүзеге асыруы мүмкін, үй жағдайында дайындалған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмайды;
-Кондитерлік өнімді сатып аларда құрамын, жарамдылық мерзімін, өндірілген жерін, сақтау әдісін зерттеңіз;
-Ұзақ сақтау мерзімі бар өнімдер құрамында консерванттардың көп мөлшерде екенін көрсетеді, олардан улану ғана емес, аллергиялық рекцияларды шақырады.
Сонымен қатар, кондитерлік өнімдер тағамдық токсикоинфекцияны және тағамнан улануға әкелуі мүмкін, ол өнімнің жарамдылық мерзімі өткен кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ сақтау талаптары (температуралық) сақталмаған және белгісіз орындарда өндірілген өнімдерді сатып алған жағдайда туындауы мүмкін.
Сондықтан кондитерлік өнімдерді сатып аларда жоғарыда айтылған кеңестерге мән беріп алғандарыңыз жөн.
Фото: ашық дереккөзден









