Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтқарушылар күні мерекесіне орай мерекелік қабылдау өтті

Құтқарушылар күні мерекесіне орай мерекелік қабылдау өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов құтқарушылар күні мерекесіне орай мерекелік қабылдау өткізді.

Кездесуде аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Құтқарушы – адам өмірін сақтап қалуды, елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты міндеті санайтын, батылдық пен табандылықты, кәсіби шеберлік пен жоғары жауапкершілікті талап ететін абыройлы мамандық иесі. Сіздер күн сайын түрлі төтенше жағдайлардың алдын алып, табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлермен күресіп, қиын сәтте азаматтардың жанынан табыласыздар. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен ұйымшылдықтарыңыз, жоғары дайындықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында талай қиындықтың алдын алып, көптеген азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік туып отыр. Бұл – кәсіби міндетті орындау ғана емес, Отанға, туған жерге және халыққа деген шынайы адалдықтың көрінісі. Бүгінде ауданымызда 50-ге жуық құтқарушы өрт сөндіру, құтқару, табиғи апаттың алдын алу бағытында табанды еңбек етіп келеді. Төтенше жағдайлар бөлімінің материалдық базасы нығайып, 7 техника, 4 мотопомпа, 1 қайық, жауынгерлік және заманауи өрт сөндіру киімдерімен қамтылған. Құтқарушы күнін атап өту – өртпен, су тасқынымен, апаттармен және басқа да төтенше жағдайлармен күрестің алдыңғы шебінде тұрған жандарға қоғам атынан алғыс білдіру мүмкіндігі. Сондықтан мереке күні Өздеріңізге құрмет көрсетуді орынды деп есептеймін деді, – Ерлан Дәуітбекұлы.

Сондай, ақ сала мамандарына аудан әкімінің "Алғыс хаты" табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және сала ардагерлері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
19 қазан 2026 ж. 114 0