АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
Сыбайлас жемқорлық қоғамның қауіпті кеселі. Елімізде онымен күрес жүйелі жүргізіліп келеді. Елбасы Жолдауларында бұл келеңсіз құбылыстың алдын алу маңызды екені айтылады. Сонымен қатар оған жұртшылық арасында төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету аясында мөлдірлікті, ашықтықты қамтамасыз ету күрестің пәрменділігін арттыратыны сөзсіз. Ауданның іргелі мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Мысалға, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасын алатын болсақ мұнда ай, тоқсан сайын дөңгелек үстел, семинарлар өткізіліп отырылады. Бүгінгі таңда аталмыш мекеме мемлекеттік қызмет түрлерін негізінен электронды форматта жүргізеді. Бұл Елбасының биылғы Жолдауында айтылған «мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілер тұрғындармен тікелей байланысты азайтқаны жөн» деген тапсырмасына сәйкес келеді. Іргелі мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жақында басқарма қызметкерлері басшы орынбасары Р.Байғазиевтің басшылығымен «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, бұл ұжымда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, бақ өкілдерінің қатысуымен маңызды басқосулар тұрақты өткізіліп отыр.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ