Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ЖАТ ҚҰБЫЛЫС

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ЖАТ ҚҰБЫЛЫС


Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық процесін баяу­лататын және қоғамның кері кетуіне әсер ететін елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Онымен қүресу бүгінгі күнгі күрделі мәселе болып отыр.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік басшылықты асыра пайдалану, пара алу, пара беру, арада делдал болу, жалған сөз жеткізуді, жалған жауап беру немесе одан жалтару, лауазымды адамдардың сот үкімімен, сот шешімін орындамау секілді қылмыстардың барлығы жемқорлыққа себепші болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмыстар сапасын арттырудың маңызы зор екендігін білеміз.
Осы мақсатта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сүбелі жұмыстар жасалып келеді. Бұл жұмыстар мекеме қызметтерінің жеделдетуіне бағыттала отырып, жемқорлыққа қарсы әрекеттерімен олардың пайда болуының алдын алуда жүйелі әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етуде.
«Сырдария орман және жануарлар дүниесінін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары жасалып, «Нұр Отан» партиясы арқылы бекітілген болатын. Соның негізінде мекеме жиналысында сыбайластыққа, тамыр-таныстыққа жол бермей өз жұмыстарын заңдылыққа сәйкес атқарылуын мекеме басшысы Ж.Ешмаханов ескертіп отырады. Әрбір өткен жиналыс сайын сыбайластық жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу мақсатында мекеме директорының орынбасары Ә.Кемелбаев түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады, мекемеде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу ісі қатаң бақылауға алынып, ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген жадынамалар мекеменің кіреберіс қабырғасына баршаға көрнекті жерге ілінген және де арыз-шағым жәшігі орнатылған, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Е.Жақсылықов,
«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заң консультанты
31 наурыз 2018 ж. 2 534 0