ОРНЫ БӨЛЕК МАРАПАТ
Сыр елінің бас қаласы Қызылорданың 200 жылдығы биыл дүркіреп атап өтілді. Республика бойынша жоғары деңгейде өткен мерекелік шара біздің ауданда да жалғасын тауып, қаланың өнерпаздары керемет концерттік бағдарлама ұсынды. Қала әкімі Н.Нәлібаев бастап келген өнерпаздарды сырдариялықтар жақсы қарсы алып, құрмет-қошемет көрсетті. Салтанатты жиында ауданның дамуына, экономикасының өркендеуіне атсалысқан және бүгінде қоғамның бір топ белсенді азаматтары мерекелік медальмен марапатталды. Марапатталған азаматтардың қатарында менің де есімім аталып, қуанышқа кенелдім.
Достығы мен татулығы жарасқан Қазақ елінде туып-өсіп, осында өркеніміз жайылып, отбасылы болып, үбірлі-шүбірлі болдық. Қызметімізді де жасап, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етеміз. Менің қазақ тіліне деген құрметім де ерекше. Балаларым да қатарластарының ортасында қазақша сөйлеп, қазақтың дәстүрін құрметтейді. Осы күнге дейін қаншама марапат алсам да, мен үшін бұл марапаттың орны бөлек. Осындай құрметке, қуанышқа кенелткен ел ағаларына, Елбасына айтар аналық алғысым шексіз. Сыр елінің өркені өсіп, абыройы аса берсін.
Люба Махмұрзаева,
шешен ұлтының өкілі
шешен ұлтының өкілі