Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҰШҚЫР ҚАЛАМ - 2018»: ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҰШҚЫР ҚАЛАМ - 2018»: ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ


Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай шығармашыл қауым өкілдеріне арналған «Ұшқыр қалам - 2018» фестиваліне қатысып, журналистер қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыр елінің белгілі қаламгерлері Қ.Мұхамеджанов, Ә.Тәжібаев, З.Шүкіровтердің құрметіне қойылған «ҚР Жазушылар композициясы» немесе халық арасында «Үш кемеңгер» аталып кеткен ескерткіш маңында, «Ашық аспан» астында ұйымдастырылған мерекелік шараға өңіріміздегі республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатыстырылды.
Шара барысында мерекелік кездесудің тартуы ретінде еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар журналистер қауымы қала әкімдігінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс» хаттарымен және «Ұшқыр қалам» номинациясымен марапатталды.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы мамыр айында қазақстандықтарды белсенді өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырған Елбасының бейнеүндеуі жарияланған болатын.
Биылғы марапаттың жылдағыдан ерекшелігі де, Елбасының бастамасымен дүниеге келген «Сенің жаңа қырың» атты осындай маңызды жобасын ақпарат құралдарында насихаттап қана қоймай, қаламгерлер қауымы да сол шараларға белсенді қатысып, халық арасында бұқаралық спорттың үздік үлгісін қалыптастыруға үлес қоссын деген ниетпен, барлық кәсіби мереке иелеріне спорт құралы - велосипедтер табысталды.



28 маусым 2018 ж. 1 091 0