ИМАНДЫЛЫҚҚА ҮНДЕГЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОР
Имандылық пен қазақылық – егіз ұғым. Халқымыздың тарихына көз салсақ, имандылық иірімдері жөнінде көп мысал келтіруге болады. Адалдықты ту етіп, әділдік, туралық, шыншылдық, тазалық жолын ұстанған ата-бабамыз имандылыққа ерекше мән берген. Бұл үрдіс руханият ордасы саналатын Сырдария ауданында да жақсы қалыптасқан. «Иман-2013» қоғамдық қоры бұл бағытта көптеген жұмыстарды жүйелі жүргізуде.
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2013 жылдың қыркүйек айында құрылған «Иман-2013» қоғамдық қоры бүгінде аудан көлемінде тұрғындарды Ислам діні негіздеріне сай имандылыққа үндеу бағытында жұмыс жасауда. Алғашқы жылы аудан орталығынан жаңа мешіттің іргетасы қаланып, қоғамдық қор есебіне аудан әкімінен бастап жергілікті кәсіпкерлер, қалталы азаматтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаржылай қолдаулар көрсете бастады. Соның негізінде Тереңөзек кентінде 200 орындық жаңа мешіт салынып, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда мешіт жамағатқа сапалы қызмет көрсетуде. Кең, ыңғайлы және таза құлшылық орнының жанынан асхана да бой көтерген. Аталған асхана құдайы-ас өткізуге, ата-бабалар руханы Құран бағыштатып, ас беруге арналған. 120 орындық асханада бүгінде жекелеген азаматтар шариғат талаптары аясында түрлі құдайы-астар өткізуде. Бақилық болған кісінің жетісін, қырқын, жүзін және жылдық құдайы-астарын ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Ыдыс-аяқ мәселесі шешілген. Мешіт имамдары құдайы-астарда жиналғандарға уағыз айтып, бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып, діни әңгімелер айтады. Сонымен бірге, қасиетті Рамазан айында ауызашарлар ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстардың барлығын «Иман-2013» қоғамдық қоры арқылы үйлестіруде.
Қоғамдық қор «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында дөңгелек үстелдер, кездесулер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмыстарын да қолға алған. Мәселен, үстіміздегі жылдың маусым айында «Діни төзімділік – татулық тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Бұхарбаев қатысып, баяндама жасады. Сонымен бірге, «Жасыл ел» маусымдық жұмысының сарбаздары өз ойларын ортаға салып, пікіралмасу жұмыстары жүргізілді. Айлардың сұлтаны – Рамазан айында аудандық мешіт жамағатына арналып ауызашар берілді. Аудандық мешітінде жамағат арасында «Құран» оқудан жарыс өткізілді. Жарысқа белсене қатысып, жеңімпаз атанғандарға аудандық ішкі саясат бөлімінің және «Иман-2013» қоғамдық қоры тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
«Иман-2013» қоғамдық қорының мүшелері экстремистік діни идеология ағымдарына қарсы бағытталған жұмыстар бойынша да тұрақты түрде аудан көлемінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аудандық «Мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Асқарұлы, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Бұхарбаев «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары бірлесіп, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық -насихаттық жұмыстары жүргізілді.
«Құрбан» айт мерекесіне орай, аудандық «Мұсылмандар» мешітінде жастар мен мешітке келетін жамағаттың қатысуымен «Құран» оқу және азан айту жарысы ұйымдастырылды. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы аудандық газетте және әлеуметтік желілерде мақалалар жарияланды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Сырдария аудандық мұсылмандар» мешітінде имамдарға арналған 5 (бес) күндік семинар өткізілді.
Үстіміздегі жылдың қазан айында «Дін және халықтар достығы» атты конференция ұйымдастырылып, аталған конференцияға Қызылорда қаласы «Қалмұхамед» мешітінің имамы Д.Ырысбаев, «Ыбырайым молда» мешітінің имамы Т.Нұрман, «Құддыс ишан» мешітінің имамы Ж.Садықов, «Алдажар жәме» мешітінің имамы Б.Беспембетов және кент, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңес төрағалары, имамдар, ішкі істер бөлімінің және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, мектеп директорлары, дінтанушы мамандары жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Қараша айында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. Байқауға білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен қатар студенттер, оқушылар қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Иман – 2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі шығармалар байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқау қорытындысында жеңімпаздарға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді. Байқау қорытындысы туралы аудандық, облыстық басылымдарға мақалалар жарияланды. Алдағы уақытта да қоғамдық қор қарқынды жұмыс жасай береді.
М.КЕЛДІБАЕВ,
«Иман-2013» қоғамдық
қорының төрағасы
«Иман-2013» қоғамдық
қорының төрағасы
АДАЛДАН АС ІШІП...
Қазақтың тойсыз, ас-құдайысыз күні жоқ. Тойдың жөні бір бөлек. Ал, қайтқан кісіге ас беру, құран бағыштау бабалардан қалған игі дәстүр. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген осыдан қалса керек. 2014 жылы пайдалануға берілген аудандық мешіт жанынан 120 орындық асхананың ашылуы аудан халқы үшін зор қуаныш болды.
Себебі, асхана іші таза, халал тағамның тұрғындар үшін бағасы да тиімді, қолжетімді. Қазір кент тұрғындары кішігірім ас-құдайы мен бейсембілік асты осы жерде беруді және жыл сайынғы исі мұсылманға парыз болып саналатын Рамазан айындағы ауыз ашар беруді осы жерде өткізу дәстүрге айналған. Сондықтан халық та қазір үйреніп алды және осы істің басында жүрген іскер азаматтарға айтар алғыстары зор. Жыл сайын құрбан айт, ораза айт мерекелерін осында өткізіп, құрбандыққа мал шалынып, сауапты істер еселене түсуде. «Бір кісі жаққан отқа, мың кісі жылынады» деген осы. Адалдан ас ішіп, өліні риза ету парызымыз деп білемін.
Р.БӘЙМЕНОВ,
еңбек ардагері
Себебі, асхана іші таза, халал тағамның тұрғындар үшін бағасы да тиімді, қолжетімді. Қазір кент тұрғындары кішігірім ас-құдайы мен бейсембілік асты осы жерде беруді және жыл сайынғы исі мұсылманға парыз болып саналатын Рамазан айындағы ауыз ашар беруді осы жерде өткізу дәстүрге айналған. Сондықтан халық та қазір үйреніп алды және осы істің басында жүрген іскер азаматтарға айтар алғыстары зор. Жыл сайын құрбан айт, ораза айт мерекелерін осында өткізіп, құрбандыққа мал шалынып, сауапты істер еселене түсуде. «Бір кісі жаққан отқа, мың кісі жылынады» деген осы. Адалдан ас ішіп, өліні риза ету парызымыз деп білемін.
Р.БӘЙМЕНОВ,
еңбек ардагері
ЖАМАҒАТ ДӘН РИЗА
Мешіт осыдан 3 жыл бұрын аудан әкімінің бастауымен және аудан тұрғындарының қолдауымен құрылыс жұмыстары басталып, 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген болатын. Мешітіміз кентімізде осы уақытқа дейін салынған мешіттерге және кейбір облыстағы аудан мешіттеріне қарағанда өте жақсы жағдайда салынған. Себебі, мешіттің қоршалаған ауласы және ерлер мен әйел адамдары үшін арнайы намаз оқитын бөлмелері мен дәретханалары, екі дәрісханалары, құран оқыту, имам отыратын орнымен және мешіт жанынан көтерілген асханасымен ерекшеленген. Яғни, мешітке келуші халыққа барлық жағынан жағдай қарастырылған десек болады. Атап айтқанда мешіт іші жылы, жарық.
Мешіт күнделікті бес уақыт намазын, жұма, айт намаздарын өткізеді, ислам рәсімдері бойынша халыққа қызмет етіп келеді. Жамағатымыздың саны артып, олардың түрлі деструктивті ағымдар жетегінде кетудің алдын алу шаралары жүргізілуде. Ұдайы мешітімізге келіп, әр түрлі тақырыптарда түскен діни сұрақтарға тұщымды жауап берілуде. Мешітіміздің есігі келемін деушілерге әрқашан ашық. Осы тұрғыда мешітіміздің коммуналдық шығыны жағынан жәрдем беріп жүрген аудан басшысына жамағатымыздың атынан үлкен алғыс білдіремін.
А.АСҚАРОВ,
аудандық мешіттің бас имамы
Мешіт күнделікті бес уақыт намазын, жұма, айт намаздарын өткізеді, ислам рәсімдері бойынша халыққа қызмет етіп келеді. Жамағатымыздың саны артып, олардың түрлі деструктивті ағымдар жетегінде кетудің алдын алу шаралары жүргізілуде. Ұдайы мешітімізге келіп, әр түрлі тақырыптарда түскен діни сұрақтарға тұщымды жауап берілуде. Мешітіміздің есігі келемін деушілерге әрқашан ашық. Осы тұрғыда мешітіміздің коммуналдық шығыны жағынан жәрдем беріп жүрген аудан басшысына жамағатымыздың атынан үлкен алғыс білдіремін.
А.АСҚАРОВ,
аудандық мешіттің бас имамы