АУДАН ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Абуовті қабылдады.
Аудан басшысы кездесу барысында діни ахуалдың тұрақты екенін айтып, соңғы жылдары бірлігі бекем ауданда атқарылған жұмыстар ауқымды екенін жеткізді.
Сонымен бірге, аудан орталығынан жаңадан мешіт салынғанын, қазіргі таңда таза, ыңғайлы мешіт асханасында тұрғындар тұрақты түрде құдайы-ас өткізіп жатқанын, сонымен бірге, діни білім алуға ниетті жастар үшін арнайы бөлмелер белгіленгенін атап өтті.
Кездесуде Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуов дін мен дәстүрді ұштастырып жұмыс жасаудың тиімділігі зор екенін айтты.
Облыстың бас имамы Діни Басқарманың игі бастамаларына қолдау білдіріп, жанашырлық танытып келе жатқан аудан басшысына ризашылығын білдірді.
Кездесуден кейін Тереңөзек кенті мәдениет үйінде аудан ардагерлерінің, мектеп мұғалімдерінің, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жиын өтті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.