Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ


Жақында кент орталығында орналасқан №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық білім басқармасы мен облыстық жас­тар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020жж арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық қарым-қатынасты дамыту 2017-2019жж» жол картасын іске асыру мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасын енгізу бойынша аудандық семинар-тренинг өткізілді. Шараға облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы И.Басманова, облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы Л.Барақатқызы, облыстық жастар денсаулығы орталығы директорының орынбасары С.Назарова, облыстық денсаулық орталығының қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері М.Яхияева, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарына қарасты басқарма мамандары мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, медбикелер қатысты.
Семинарды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы И.Басманова ашып, пилоттық жобаның негізгі фукциясын көпшілікке түсіндірді. Өз кезегінде бірқатар сала мамандары облыс көлемінде жоба негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыс денгейін мониторинг бойынша көрсетті. Сонымен қатар, «Денсаулықты нағайтуға ықпал ететін мектептер» туралы бейнеролик ұсынылды. Негізінен семинардың басты мақсатына тоқталатын болсақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасы негізінде мектептер бойынша балалардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық деңгейін төмендету, мектеп медицинасының денсаулықты нығайтуға ықпалын жақсарту болып табылады. Сондай-ақ, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей директорының орынбасары Л.Сағымбаева жобаның артықшылығын тізбектеп, жыл бойы жасалынған қызмет түрі мен функционалдық міндетін айтты. Осы жобаның аясында Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Астана қалаларында мектеп оқушылары арасында «Мектеп жасындағы балаларға арналған құрал-жабдықтардың медициналық мінез-құлқына» негізделген сауалнама жүрігізілгендегі жөнінде облыстық денсаулық орталығының қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері М.Яхияева айтып, қорытынды нәтижемен бөлісті.
Жалпы алғанда биылғы жылы аудан бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасына 5 мектеп енгізілген.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
10 қараша 2018 ж. 2 027 0