Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТАЗАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКЦИЯ

ТАЗАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКЦИЯ


Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 24.08.2017ж. №269-нк/1 бұйрығына сәйкес  апта басынан бастап «Мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен бастауыш сынып оқушылары арасында «Таза қол» тақырыбында акциясы жалғасын табуда. Акцияның негізгі мақсаты «Таза қол» негіздерін оқытып-үйрету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. 
 Сондай-ақ, кеше  Тереңөзек кенті орталығында орналасқан «Айгөлек» балабақшасында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, білім бөлімі және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарымен осындай шара бірлесіп өткізілді. Акция барысында «Айгөлек» балабақша бүлдіршіндеріне «Таза қол» негіздері түсіндіріліп, тренингтер өткізіліп, дәрістер оқылды. Қол жуу ережесінің 10 қағидалары және жұқпалы жедел ішек ауруларының алдын алу, тұмау және жедел респираторлы вирусты инфекцияларының алдын алу мақсатында 36 үн парақшалар таратылды. Балаларға үй жағдайында қолды таза ұстау қағидаттары түсіндірілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
24 қаңтар 2018 ж. 3 559 0