Қызылорда облысында 2018 жылдың ішінде 470 мың тоннадан аса күріш жиналды
Бүгінгі күні қызылордалық күріш Түркия, Монғолия мен Ауғанстанға экспортталады. Бұл туралы орталық коммуникациялардың қызметінде өңірдің әкімі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Өткен жылдың рекордын жаңарта алмадық. Жыл су тапшылығынан және салқын көктемнен қиын болды. Біз жақсы күріш астығын, яғни 473 мың тоннаны жинадық. Бұл 54,5 ц/га”, — деді Қырымбек Көшербаев.
Ал биылғы шығын 600 мың га құрады.
“Біздің өңір Сырдария өзенінің ағысынан жоғары орналасқан мемлекеттерден келетін судың көлеміне тәуелді. Өкінішке орай, олар әркез келісімді сақтай бермейді. Осындай жағдайлардан құтылу үшін қазір біз “Күміскеткен”, “Қараөзек” атты су қорғандарының маңынан құрылыс жасауды ойластырып жатырмыз. Олар тасқынды кезеңде 2 млрд текші метрлік суды жинақтайтын болады”, — дейді әкім.
Күріш өсіру бұл өңірде агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы саналатынын айтып өткен жөн.
“Күрішпен біз Монғолия, Түркия, Ауғанстанның нарығын бағындырып келеміз. Дәстүрліден бөлек, Иранға да күрішті экспорттау үшін ирандық сұрыптарды да өндіре бастадық. Бұл мемлекет жыл сайын күрішті 5 млн тоннаға дейін тұтынады. Жартысын импорттайды. Біз сол нарықта өз орнымызды табуға ниеттіміз”, — деді Көшербаев.